ҚАЗАҚ ТІЛІ – СӨЗДІК ҚОРЫН МЕҢГЕРТУ
🎯 Тілді дамытудың мақсаты
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және ересектермен қарым-қатынас орнату барысында жүзеге асыру.
📋 Тілді дамытудағы міндеттер
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
- Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айта білуге үйрету.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
- Баланың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалардың тілін дамыту жұмысы
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Тіл мәдениетін игеру — баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Балабақшада тілдік қатынастың маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады.
2023-2024 оқу жылы «Нұркәусар.А» балабақшасы
«Қазақ тілін меңгерту» бағыты бойынша тәрбиеленушілердің қазақ тілінде ауызекі байланыстырып сөйлеуін түрлі балалар әрекетінде дамыту жүргізілді:
- Қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру
- Белсенді сөздікті байыту, сөздік нормалары мәдениеті қарым-қатынасты игерту
- Туған өлкенің көрнекі жерлері, тарихи орындары туралы суреттер, фото альбомдар, буклеттер дайындалды
Өткізілген іс-шаралар
«Мақал-мәтелдер: үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие» сайысы
Ересек топ тәрбиешісі — Еркінова Ақерке
Балалар шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттау, жұмбақтар шешу арқылы шешендік өнерге баулынды.
«Отбасы» апталығы
Ортаңғы және ересек топтар
Балаларға домбыра үнін тыңдау, «Балапан», «Тәй-тәй», «Әлди-әлди» әндерін орындау, ұлттық ою-өрнекпен заттарды әшекейлеу ұсынылды. «Тілашар» сахналық қойылымы өткізілді.
«Елімнің ертеңі — Тәуелсіздік» ұйымдастырылған іс-әрекеті
Мектепалды даярлық тобы
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер тіл туралы тақпақтар айтып, тілін дамыту бойынша мақал-мәтелдер айтты.