Түркістан облысы, Түркістан қаласы
ЖШС «Нұркәусар.А» бөбекжай балабақшасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07- қараша №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 03 тамыз 2026 жылғы № 01 бұйрығымен құрылды:
Маймақова Шолпан Өсербайқызы
Балабақша меңгерушісі · Комиссия төрайымы
Әбілқасымова Г. Т.
Балабақша әдіскері
Комиссия мүшесіТұрабаева Л. Д.
Балабақша тәрбиешісі
Комиссия мүшесіУсербаева Г.
Балабақша медбикесі
Комиссия мүшесіТуребаева А.
Балабақша тәрбиешісі
Комиссия мүшесіБілім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
ЖШС «Нұркәусар.А» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
Мектепке дейінгі ұйымның атауы:
Түркістан облысының Түркістан қалалық бөлімінің
ЖШС «Нұркәусар.А» бөбекжай балабақшасы
Білім беру ұйымының орналасқан жері (Заңды мекен-жайы нақты орналасқан жерімен сәйкес келеді)
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Теріскей көшесі, 2/1 үй
Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)
- 📞 8 702 697-45-92
- 📞 8 701 284-22-44
- ✉️ smaimakova@inbox.ru
- 🌐 nurkausarbalabkshasy.edu.kz
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)
Маймақова Шолпан Өсербайқызы — құрылтайшының шешімі бойынша 18.07.2018 жылғы №01 бұйрықпен тағайындалған.
Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі )
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама ҚР заңнамасына сай берілген.
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама (Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.)
№ KZ28RVK00056049 · 05.02.2024Топтар саны және құрамы
Айгөлек
15
бала
Балдырған
21
бала
Тұлпар
24
бала
Қарлығаш
15
бала
Типтік ғимарат
Екі қабатты типтік үлгіде
Балаларды оқыту тілі
Қазақ тілі
Жұмыс аптасының ұзақтығы
5 күндік
МДҰ-ның жобалық әлеуеті
Балабақша орны 75 балаға арналған.
Балабақша жағдайы
Ғимарат пен материалдық-техникалық база
75 орындық типтік ғимаратта 4 топ мемлекеттік тілде тәрбиеленеді
75
тәрбиеленуші
4
жас тобы
5
күндік апта
10,5
сағат жұмыс
Жұмыс кестесі
Балабақша аптасына 5 күн, сағат 08:00-ден 18:30-ға дейін, яғни тәулігіне 10,5 сағат жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер толықтай мемлекеттік тілде тәрбиеленеді.
Жас ерекшелігіне қарай 4 топ
Айгөлек
Кіші топ
Балдырған
Орта топ
Тұлпар
Ересек топ
Қарлығаш
Топ
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын және жуынып-шайынатын бөлмелері бар.
Мекеме бөлмелері
Меңгеруші кабинеті
Әдіскер кабинеті
Логопед кабинеті
Думан залы
Медициналық кабинет
Асхана
Қойма
Кір жуу блогы
Инфрақұрылым
- Жылу жүйесі орнатылған
- Кәріз жүйелері бар
- Су орталықтандырылған
- Стандартқа сай жабдықталған материалдық база
Қауіпсіздік жүйелері
- Өрт дабылы автоматты хабарлау жүйесі
- Ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі
- Бейнебақылау камералары
- Домофон және күзет агенттігі
Медициналық кабинет
Балабақшада медициналық кабинет жұмыс істейді. Кабинетте емшара бөлмесі бар, санитарлық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қажетті құрал-сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы
Әр топтың ауласы бөлек, жас ерекшелігіне сай түрлі ойын құралдары орнатылған
Балалар отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары
Гүл алаңқайлары және денсаулықты нығайтатын ойын алаңдары
Техникалық жабдықтау · Дамыту кеңістігі
Арнайы бөлмелер мен топ бұрыштары
Меңгеруші кабинеті заманауи техникамен жабдықталған, әр топта дамытушы орта жасақталған
Меңгеруші кабинеті
Техникалық жабдықтар тізімі
2
теледидар
3
ноутбук
1
түсті принтер
1
принтер
Интерактивті тақта — 1 дана
Оқу іс-әрекеттерінде белсенді қолданылады
Ата-аналар үшін жылжымалы папкалар
Әр топта орналастырылған
«Денсаулық бұрышы»
Ата-аналарға арналған ақпарат
«Қауіпсіздік ережелері»
Балалардың қауіпсіздігі бойынша ереже
Әр топтағы дамытушы кеңістік орта
«Денсаулық», «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары негізінде
«Ұлттық бұрыш»
Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді танытатын бұрыш
«Ойыншықтар сөресі»
Жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойыншықтар
«Кітап бұрышы»
Балалардың тілін және қызығушылығын дамытатын кітаптар
«Табиғат бұрышы»
Табиғатпен таныстыру және экологиялық тәрбие